- Мектептегі білім беру
Біз білім беруге бағдарламалар жасап, оларды іске асыру арқылы әсер етеміз. Көбіне бұл процеске тіпті бір-бірімен араласпайтын әртүрлі адамдар қатысады. Бұл жерде біз нені жобалай аламыз, сенім деңгейінде және әлем бейнесі өзгеруі жағдайында жұмыс істей аламыз ба деген сұрақ туындайды. Сессия аясында оқу бағдарламаларын әзірлеушілер мен халықаралық сарапшылар мұғалімдерге құралдарды іріктеудің жаңаша критерийлерін табуға көмектесу үшін, педагогикалық дизайн тақырыбын талқылайды. Мидың қалай үйренетінін қарастырып, когнитивті ғылымдардың заманауи жетістіктерін оқу бағдарламаларында қалай ескеру керектігін айтамыз. Оқу ортасын қалыптастыру кезінде не нәрсеге мән беру керек, қай құралдар маңызды екенін, мыңдаған баланың оқу нәтижелерін жобалау арқылы жаңа оқулықтарды қалай жасау қажет екенін анықтаймыз. Мәдени орта мен ондағы теріс пікірлердің оқушыларға қалай әсер ететінін талдап, оны өзгерту жолдарын білеміз. Сондай-ақ, ұстаздың тұлғасы педагогикалық технологияларды таңдау мен бағалау әдістеріне дейін, жалпы оқытуға қалай әсер ететінін талқылаймыз.
- EdCrunch Stage
Білім беру мен жаңа технологиялар жөніндегі EdCrunch Reload: ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы атты жетекші халықаралық конференцияға қош...
- EdCrunch Stage
Университеттер өзектілігін жоғалтып, жаңа технологиялардың келуімен білім беру онлайн-курстар мен қолданбалы жобалар форматына өтеніні рас па?...