- Жоғары білім
Университеттер мен жалпы білім беру жүйесінің трансформациясы білім беру ұйымдарынан бастап, министрліктер мен ведомстволарға дейін, барлық деңгейде деректердің қолданылуын білдіреді. Ұлттық стратегиялар мен жекелеген мекемелердің стратегиялары дәлелді тәсілдер және деректерді талдауға негізделуі тиіс. Жоғары білім мен ғылымды реформалаудағы ашық деректердің рөлі қандай және сыртқы деректердің, мәселен, ЖОО-ның халықаралық рейтингтерінің ұлттық стратегияларды құрудағы рөлі қандай, деректер университеттер, министрліктер мен ведомстволардың стратегиясын қалай өзгерте алады, жоғары оқу орындары қоғаммен қандай деректерді бөлісе алады және бөлісуге тиіс — бұл жөнінде университеттер және білім мен ғылымның ұлттық жүйелерін трансформациялауда деректер мен дәлелді тәсілдерді қолдануға арналған дөңгелек-үстелде сөз қозғаймыз. Қатысушылар үш деңгейде: ұлттық, институционалды және жергілікті деңгейдегі стратегияларды әзірлеу кейстерін қарастырады.
- EdCrunch Stage
Білім беру мен жаңа технологиялар жөніндегі EdCrunch Reload: ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы атты жетекші халықаралық конференцияға қош...
- EdCrunch Stage
Университеттер өзектілігін жоғалтып, жаңа технологиялардың келуімен білім беру онлайн-курстар мен қолданбалы жобалар форматына өтеніні рас па?...